Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған анонс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   
  Құрметті журналистер! 2014 жылғы 10 -11 сәуір аралығында облыстық сотта «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасы (жаңа редакциясы): проблемалар және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» тақырыбына аймақтық семинар өткізілетінін хабарлаймыз. Аймақтық семинар жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы, Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын зерттеп дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Николай Иванович Мамонтов, Астана қаласының, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының судьялары, әкімдік, прокуратура, әділет, ішкі істер органдарының, қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының, Нұр Отан партиясының, адвокатура, нотариат, «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысады.
Жариялылық және талқыланып жатқан заң жобасының ережелерін қалың көпшілікке  жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін семинарға қатысуға шақырамыз.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі