Азамат «Э-дан» заңсыз сақталған аңшы мылтығы тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау ауданының №2 аудандық сотымен, азамат «Э-ның» қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1- бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Айыртау АІІБ-нің қызметкерлерімен, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосында  азамат «Э-ның» автокөлігінен оның Iшкi iстер органдарынының рұқсатынсыз және оларда  тiркелмеген, 16 калибрлі, «ИжК» маркалы, бірауызды, тегiс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.
Құқықбұзушы сот мәжілісінде өз кінасын толығымен мойындап, істеген ісіне өкінді.
ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1- бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат «Э» сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл, яғни 45380 теңге  салумен қатар аңшы мылтығы да тәркiленді.
Қайнар: 
Айыртау ауданының №2 аудандық соты