Автокөлікті алкогольді мас күйінде жүргізгені үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов аудандық сотында азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Істі қарастыру барысында келесі мән-жайлар анықталды, 2016 жылдың 20 маусымында азамат Ш. жол жүргізу куәлігісіз қасақана автокөлікті алкогольді мас күйінде жүргізген.
Сот отырысында азамат Ш. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық көлемде мойындады.
Сот қаулысымен, азамат Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша көзделген жол жүргізу куәлігісіз қасақана автокөлікті алкогольді мас күйінде жүргізгені үшін кінәлі деп танылып, ол 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты
Тегтер: